НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫН ҚҰРТУ БАСТАЛЫП КЕТТІ МЕ? немесе ЖАЛА ЖАУЫП “СЕКС-МАНЬЯК” ЖАСАУ КІМГЕ ҚАЖЕТ БОЛДЫ?

НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫН ҚҰРТУ БАСТАЛЫП КЕТТІ МЕ? немесе ЖАЛА ЖАУЫП “СЕКС-МАНЬЯК” ЖАСАУ КІМГЕ ҚАЖЕТ БОЛДЫ?

23.09.2019 0 By admin

Шымкент қаласының 

ПрокурорынаШымкент қаласының ПДБасшысына

АРЫЗ(АШЫҚ ХАТ)
2018 жылдың жаз айларында азамат Н.Идрисовтың «оны дәрменсіз күйде біреулердің зорлағаны туралы» арызы Әл-Фараби АПБ – на түскен.Маған бұл белгілі, себебі арызын жазуға және адвокат табуға көмектестім, бұл азаматпен бірге қызметтес болғанбыз. Сол күні мені тергеуші шақырды. Жәбірленуші ұсынған видеодағы дауыс сіздікі деді. Мен иә, білемін, менің дауысым, бұл видео монтаждалған, менің дауысым кейін қосылған деп ойлаймын,- дедім. Бір апта, оның ішінде жәбірленуші зорлық болды деген күні ауруханада жатқанмын дедім және дауыс менікі болғанмен, онда айтып жатқан сөздерімнің болып жатқан әрекетке тура келмейтінін айттым. Яғни жыныстық қатынас түсірілген видеоматериалға басқа уақыт, басқа жер, басқа жағдайда жазылған менің дауысымды «наложение» жасаған, үстіне басқан. Мұндай «видеода айтылған» сөздерді әдетте мойныма, арқымы массаж жасағанда айтатынымды ескерттім. Дыбыс лентасында үшінші адамның дауысы бар, осының өзі менің дауысымның, екі –ақ адам қатысатын «махаббат» әрекетіне емес,мен айтқан массаж әрекетінетура келетінін дәлелдеп тұр ғой дедім. Үшінші адамның кім екенін анықтауды сұрадым. Бұдан кейін мен шақырылған жрқпын. Кейін білгенімдей, үшінші адамның кім екені туралы сұрақ жәбірленушіге де? Қойылмаған.1.Абдулдаев Сүйін маған келіп бас есепшіміз Игілік Жақсылықовтың антикоррупциялық бюрода жатқан компьютерінен біздің қызметкер Н.Корисовқа байланысты «ыңғайсыз» видео табылды – деді. Кейінірек Игілік келегн соң осы мәселені сұрадым. «Жоқ, Мәке, өтірік, табылғанның өзінде оны жұртқа жаймай, Нұржанның өзіне берер едім ғой, оған иттік жасап нем бар, ертең алдымнан шығады ғой» –деді. Мен сендім, сонымен бұл әңгіме жайында қалған.2.Осыдан жарты айдай уақыт өткен соң менің үш досымнан оларға Қажыхат Абулдаев жіберіп жатқан видео келді. Видеода дауыс менікі екен, осы факторға назар аудартып, «міне, достарың Мұхтар қандай адам» – деп, – таратып жатыр екен.3. Мен видеоны Нұржанға көрсеттім.4. Ол үш-төрт күнге адвокат тауып, арыз жазып, полицияға тапсырды.5. Видеоны жасаушы монтаждаушы- Абулдаев Сүйін, тарқатушы- Абулдаев Қажыхат деп ойладық.6. Тура бір жылдан соң, И.Жақсылықовтың электрон почтасымен жібергенін айтты. Ізінше кірген Игілік Жақсылықов үзілді-кесілді «почтамен жіберген жоқпын» деп шықты. Игілік өз «компьютерінен тауып алған, видео материалды, басында айтқандай, Нұржанның өзіне, немесе дауыс менікі болғандықтан, маған бермеген. Тұрғын үй Шымкентке де, маған да, Нұржанға да қатысы жоқ. Қажыхат Абулдаевты және тергеушіні шақырып, соларға береді. Ойлап көріңіздер: әлі «зорлық» туралы арыз жоқ. Не үшін тергеушіге ол видео қызық? Не үшін ол жұмыс уақытында өз қызметіне қатысы жоқ, айдаладағы жас баланың «махаббаттық» ролигын көргісі кеп қалады? Және тергеуші мен Қажыхат екеуі неге бірге келген, оларды байланыстып тұрған нендей себеп? Қажыхаттың інісі видеода айтқандай, «Қажыхат Погондылардан» Мухтардан көгілдір жасау керек деп тапсырыс алғанының дәлелі ме бұл? Қызығы – екеуі әкетеді, одан соң, видеоны заңсыз таратушы – Қажыхат, ал кейін арыз берсек, оны доп «сияқты» қағып алып, «өзі тергейтін батыр» – тергеуші досы Жүнісов!? Жудә күдікті кездейсоқтық – ау??? Сұрақтар: -Видеоматериал И.Жақсылықовтың компьютерінде қалай пайда болды?- Жарайды дейік, ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ)- қа Жақсылықов кірмейді дейік. Видеоны жасауға да, меің дауысымды видеоның үстінен басып монтаж жасауға да қатысы жоқ дейік, тіпті Нұржаннан осы видеоны ұрлаған да – Игілік емес дейік. Онда неге Игілік осы, қылмысы жоқ, жай ғана біреудің ішкі өмірне қатысты материалды оның өзіне емес, «дауысы» бойынша ғана емес, айдаладағы «Қажыхатқа!!! және тергеушіге!» Береді! Не мақсатпен ? Уағдаластық болмаса, бұл мүмкін бе?- Нұржан «өзі салыпты компьютеріне» дей алмайды. Себебі «менде видео болмаған, менде жоқ, тарқатпадым» деп бұған дейін И.Жақсылықов ресми жазып қойған. Оның үстіне видеоны егесіне емес, заң бұзып, қылмыс жасап, бөтен екі адамға тарқатуы- көп жайды анықтап тұр.- Осы факт олардың – Абулдаев Қажыхаттың, Жүнісов Қуаныштың, Жақсылықов Игіліктің видеоматериалдың пайда болуына, оның тарқауына мүдделі болғанын, біз арыз жазған жағдайда Игілік пен Қажыхатта полиция тарапынан «тергеушісі» гарант боп, соққыны басқа жаққа бұруға уағдаласқанын байқауға тиіс полиция байқамаса да, біз байқап отырмыз.Бұдан, маған саяси қайраткер ретінде компромат жинап, құртып жіберу ісіне жеке тұлғалар ғана емес, мемлекеттік органдар да тартылғаны сезіліп тұр. Мысалы, Әл-Фараби АПБ және аудандық прокуратурасы. Егер РОВД (АПБ) мен прокуратура маған қарсы саяси күреске қатысып, қолдан жала компромат ұйымдастырылмаса, онда:Неге сол мезет АПБ-ға қатысы жоқ видеоға тергеуші Еңбек Заңын бұзып, жүгіріп келеді? Бұл қандай «интерес»?Неге «видеодағы дауыс менікі, бірақ жыныстық қатынас емес, массаж кезінде айтатын сөздерім» деген уәжім негізге алынып, тексерілмеді? Монтаж екенін ашық мәлімдегенмін ғой ?Маған массаж істейтін тағы екі адам бар, оларды сұраңыздар, олар да осы видеодағы сөздерді мен массаж кезінде айтатынымды қуаттайды,- дедім. Тексерілмеді.Неге ивидеодағы үшінші адам сол бойы «Мистер Х» боп, белгісіз боп өтіп кетті? Әлде анықтай алмады ма? Күлмеске амал жоқ. Үш-ақ адамның дауысын тексеру керк еді, неге тексерілмеді? «Дауыс менікі» деп басынан мәлімдеген менің дауысымды мемлекет қаржысын құртып, эксперт арқылы «дәлелдегенше»,белгісз үшінші іздемей ме? РОВД мен аудандық прокуратура бұл үшінші дауысқа экспертиза жасамақ түгілі, мене және жәбірленушіден де сұраған емес қой? Бұған не дейсіздер? Масқара емес пе бұл, Погонды қорғау емес пе? Мелекетті мазақ ету емес пе?Үшінші дауысты іздемеудің себебі – ол дауыс маған массаж істеліп жатқанда дауысымды жазып алған полицияның шпионының дауысы, Егер С.Абулдаевтың интервьюін тыңдап көрсеңіздер, онда ол айтқан «саяси қайраткерден» «секс – маньяк» жасап шығару «жоспары» – кездейсоқ жеке тұлғаның ісі емес екеніне көзіңіз жетеді. Үшіші дауыстың кімдікі екенін біз білеміз «әкеңнің аузынс…» – деп кім боқтайтынын да білеміз. Полиция оны «жанталаса» қылмысты түрде жасыруы, бүркеуі, яғни, қылмысқа сыбайлас болуы – үлкен қылмыс. Мұнда қылмысты жасырудан басқа, саяси қудалау, қызметтік лауазымды пайдалану ҚР ҚК 419 бабы (Көрінеу мен жалған сөз жеткізу) өтірік айтатындар тұр.Осы видеоға қатысты прокурор «құдайдай» сеніп отырған куә – Сүйін Абулдаев туралы бір видео, бір аудио өнім ұсындық. Видеода С.Абулдаев ағасы Қажыхаттың басқаруымен 2012 жылдан бері саяси қайраткер Мұхтар Мухамбетжаннан «секс – маньяк» жасау тапсырмасын орындап жүргені, сол жылы ағасының тапсыруымен мені «секс видеоңыз бар, 20 мың доллар бермесеңіз, елге жаямыз» – деп қорқытқаны, онысынан дым шықпағаны, ал бүгінгі сондай тірліктер Н. Идирисов турайында даярланып жатқанаын мәлімдейді. Бірақ бұл ешқандай полицияны «қызықтырмайды». Неге? Қисын бар ма осы мәселеде? Тек бір қисын бар – полицияда, прокуратурада «логика» біреу – ақ: Мұхтардан секс – маньяк жасауға жәрдем беретін құжат – қисынды, Мұхтар ондай емес екенін айшықтайтын құжат – заңсыз. Әйтпесе, бопсалау, шантаж,. Жала жабу ұрып тұрған жоқ па?Ал аудиода «погондарын ауыстыра» қойған Сүйін өзінің алдыңғы видеоинтервью туралы бвлай дейді: «Әлгі видеода айтқан сөздері – өтірік. Жай ғана Мәкең Нұржан екеу Мәкеннің әйеліне ұсталып қалған екен, сол әйелінің алдында ақталу үшін Мәкең «просьба» жасап, мен әлгі өтірік әңгімені айттым» – дейді. Біріншіден, солай «болды ма» -деп сұраған (әйелімнен) аудандық полицияныда, аудандық прокуратураны да, аудандық сотты да көрген жоқпыз. Осыдан – ақ оларға мені ақт айтын ешқандай айғақтың қажет емес екені көрініп тұр. Екіншіден, куйеуің басқа адаммен жыныстық қатынас кезінде ұстап алған әйелге өзінен жиырма жас кішкентай біреу видеоға жаңағы әңгімені айтса, ол әйел көзімен көргенін «ұмытып» күйеуімен «дым болмағандай» жасраса кетеді екен. Мұндай далбасаға Әл – Фараби, прокуроры мен судья Кахаровтан басұа ешкімнің ешкім сенбейтіні анық. Осы фактор да аудандық полиция, аудандық сот, аудандық прокуратураны қызықтырғаны жоқ, яғни «өз әйелдері сондай» шығар, біздікі мұндай идиоттық – дибилдік «номерге» көне қоймайды. Осы факторды ескермей, мені түрмеге тығу үшін ақылы мен есінен, логикасынан «отказ» бере қойған прокуратура, сот, полиция мемлекет абыройын айрандай қылған жоқ па? Погондылардың күндіз – түн өмірін қатерге тігіп тапқан абырой – беделін күл – талқан еткен жоқ па? Бұдан соң Сотқа кім сенеді?Көрсетілген айғақ, фактірлер аталмыш видеоматриалдың арнайы мемлекеттік органдардың қатысуымен, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан, мұқият жоспарлынып, фебральда дауыс жазып алынып, июньде видео ұрланып, дауысымды видеоға жазып, видеоның мені «секс – маньяк, зорлықшы» етіп көрсетуге «туырланғанын» көрсетіп тұр. Әрине, бұл ҰҚТ жұмысы. Мұның құрамында кемінде аудандық прокуратура, аудандық полиция, Қажыхат, Сүйін Абулдаевтар, Игілік Жақсылық, Ажар Момбек бар.Жәбірленуші қылмыс болған күн деп «14 июльді көрсетеді. Бірақ, жәбірленушіге белгісіз себептермен, онымен келісілмей, қылмыс уақыты тергеу анықталмаған күн» деп ауыстырады. Неге? Арыз – жәбірленушінікі. Зорланған – сол жәбірленуші. Қылмыстық іс сол арыз негізінде ашылды. Арызда жәбірленуші нақты күн 2018 жылдың 14 июлінде болған оқиғаны зерттеп бер деп отыр. «Бүкіл 20 жыл өмірімнің қай күні кім мені зорлады» деп – сөрап отырған жоқ. Неге тергеу анықталмаған күні деп датадан тайқып шыға келді? Себеп бәреу – ақ: 2018 жылдың 14 июль күніне қала басшылығы «тапсырыс» берген М, Мухамбетжанныі алибиі бар. Ол күні «охота» жарияланған адам ауруханада жатқан. Видеодағы диалог бойынша:Түспеші – Ауған соғысында контузиядан травма алғанмын, мойным, жауырыныма массаж істететініме 30 жыл болды. Сондықтан мұны өте көп адам біледі. Массаж кезінде кейде, жүдә жақсы істесе – ыңыранып – рахаттанып отыратыным рас. Бірақ массаж жасау жауырыным мен мойнымақажет. Ал массаж жасаушы ол жерлер массаждан қып – қызыл боп кеткен соң бел жақты уқаламақ болады, сондай кезде «түспеші» деген сөз, қажет пе? Қайда түспеу керек ол? Күлкілі емес па? Осы жалғыз сөздің өзі менің даусым мен видеоның екі бөлек дүние екенін көрсетіп тұр, арнайы зәлім ниетпен «соқыр» және «керең» бола қалғандар ғана мұңы түсінбей тұр.«Сәл жазылғанда, тезірек жазылшы» бұл азамат 2018 жылдың қаңтар – ақпанында болып, операция жасады. Осы себепті шыққан соң біраз қиналып жүрді ю Сол кездері осылай айтқанмын. «Ал жаным» деген сөзден подтекст әздеу – арсыздықтың белгісі деп білем – сегіз балам, алты немерем бар, 50-ден асқан мен төртінші баламмен парапар болатын жетім балаға «жаным» деп айтам. Ұлға да, қызға да. Мұны да ел біледі, бұған дейін ешкімнің ойна осы сөзден «секс – подтекст» іздеу кірмепті, тек зәлім ойлы, арам ниет адамдарға тән нәрсе бұл.    Қорыта айтқанда, менің дауысымды 2018 ақпанында жазып алғаны анық. Кім? Әрине видеодағы үшінші дауыстың егесі. Оның да кім екенін білу үшін Африкадағы Уагадугу университетінде 10 жыл оқып келудің қажеті жоқ. Маған ауырған кезімде массаж жасайды. Ал, ол кезде үстіме кіре алатын екә – үш – ақ бар, бірге спортпен айналысатын және бірге зияратқа баратын адамдар. Бірақ бұл, қылмысты ашуға бағыттайтын факторларды зерттеу кімге керек дейсің? Ешкім сұраған да жоқ. Сұраса, айған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері, Мұхтар Мухамбетжанның «секс – маньяк» емес екені анық талып қалады. Бұл бүгінгі «заказ» орындап жүрген погондыларға қажет емес болып тұр.    Міне қара да қазір, қаяқтан көрем енді?    Массаж кезінде соткадан түрлі материал көріп, оны жәбірленушінің жәрдемімен соткадағы папкаларға сақтап отырам. Ол азамат – сотка технологиясынан өте сауатты. Сондықтан, материалды «аударып» алып, кейән қайтып ашып, қайдан тауып алатынымды білмей, қиналмау үшін, одан сұрап отырам. Егер, ол жаңағы видеодағыдай әрекет жасап жатса, онда мен «қаяқтан көрем» деп ұалай сұрайм? Қисынға келмейді ғой?    «Өшірсең» – материалды сақталған папкадан іздеу үшін оны алдымен жабу керек, содан соң жаңа папканы ашуға мүмкіндік туады.     Міне, менің қарсы уәждерім.Құрметті қалалық ІІД басшысыжіне қала прокуроры! Бұған дейін айтқанда й, маған жала, ғайбат, дәлелі жоқ өтірік ұйғарымдармен «айыптар» тағылып, қолдан «ұрлықшы», «зорлықшы» жасап, түрмеге тықпақшы болуда.    Мен мұның себебін тек қана менің саяси позициям, саяси қызметімнен көріп отырмын. Қала әкімін сынағаным рас. Балалар темір жолы, Қырғы базар, Ескі Шахар бойынша әкімінің пікірімен келіспейтін позиция ұстанғаным рас. Мұны мен қылмыс деп санамаймын және ҚР – ның заңдары мен қалыптасқан – мәдени саяси нормалары да ел; мемлекет өміріне әсері бар мәселелерде үн қосуды теріс демейді. Бұдан басқа «Ел Бірлігі» қоры арқылы бір топ облыстық маслихат (Мелдеханов, Оспаналиева, Ағабек) депутатарымен бірге менің авторлығыммен жасаған «Сара жол» бағдарламасы бойынша екі жалдай облыс аудандары мен ауылдарын араладық. Өз қаржымызды, Өз көлігімзді пайдалану арқылы жүргізілген осы іс – шара арнасында жиналыстар, кездесулер өткіздік. Жастарымыз деп интернеттің теріс ықпалынан сақтандырайық, әлеуметтік желінің оң – терісін ажыратайық. Абайламасақ, жастарымызды ата – баба жолымен, ұлттық салт – дәстүр нормаларымен тәрбиелеуді шұғыл жолға қоймасақ , онда жезөкшелік асқына береді. Онда Европадағылай «көгілдірлер» легі пайда болады, ал, бұл Алла тиым салған күнә деп жүрдік. Мақалаларымыз, видеоинтервьюлеріміз шығып жатты. Қаладағы оқып жүрген, жұмыс істеп жүрген ауыл балдарын тұрақты түрде артынан барып, тексеріп тұруды насихаттадық. Жезөкшелікті бірге тоқтатуға шақырдық. Барлық ауырлықты мемлекет мойнына артып, отыра беру дұрыс емес дедік. Міне осылай. Ал бүгін қоғамымызда «көгілдірлер» мен лесбиянкаларға қарсы ең көп сөйлеп, еңбек жазған менен «секс – маньяк» жасамақшы.    Меніңше, бұл үлкен қызметте отырған аноним «көгілдір» басшының кегі сияқты. Басқа аргумент таба алмадым. Әрине, Сот мені ақтады. Бірақ, амалы таусылған соң, маған жарнамасын еш тетігі қалмаған соң, – ақтауға мәжбүр болды. Жәбірленуші, менің ойымша, тергеушілердің өзіне қанша қиянат жасағанын, қанша алдап, шырғаланға салғанын, үркітіп – қорқытуға дейін барғанын көріп, жиренді. Погондылардың ешқандай жағдайда шындықты іздемейтінін түсінді. Сонсон, тым болмаса әкесіндей болған мені нақақ айыптан құтқару үшін өзің отқа тастады. Ол жерде мені ешкім зорлған жоқ, мен өз еркіммен болғам, – деп, мені құттұару үшінөз басын қатерге тікті. Дәл сол жәберленушінің ерлігінің арқасында сот мені ақтауға мәжбүр болды. Жоғарыда айтылған фактірлер бойынша, қылмыстық іс қозғап, Әл – Фараби аудандық прокуратурасымен осы тірліпен айналысқан қызметкерлерінің әрекеттерін тексеріп, тиісті жазасын беруді талап етемін:И. Жақсылықтың компьютерінде видео қалай пайда болды?АПБ тергеушісінің видеодаға қандай қатысы бар?Абулдаев Қажыхат, Игілік Жақсылық, Жүнісов Қуаныштың ұйымдасып істеген қылмысына кім басшылық жасады?Менің даусымды жазып алған кім?Видеоны монтаждап оған менің даусымды қосқан кім?Үшінші адамның даусы, аты – жөні неге анықталмады және осы күйде істі прокуратура қалай қабылдады? Сот қалай қабылдады?Неге менің уәждерім негізге алынбады?Жәбірленушіні үркітіп – қорқытқан, оның туыстарына шантаж жасаған кім?С. Абулдаевтың видео мәлімдемесіне және аудио жазбасына қандай қылмыстық ниетпен мән берілмеді?Өмір бойы мемлекетке қызмет етіп, енді мемлекетке қызмет етіп, енді мемлекет тарапынан мынадай опасыздықты көріп отырған соң, сенімім аз. Сондықтан осы арыздың копиясын БАҚ құралдарының басшыларына тапсырамын және сіздерден:Үлкен басшылардың бірінің «лас» тапсырысын орындау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Тәуелсіздік Күресінің Ұйымдастырушысы, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалерінің өмір бойы жиған абыройын шексіз зұлымдықпен таптап, сасық қорқынышты жала – айыппен лайлап, одан елді жиіркендіріп, «секс- маньяк» жасауды мақсат қылған бандиттік топты әшкерелеуді, жазалауды талап етемін. Бұл – маған қарсы қылмыс емес. Бұл Қазақ Қоғамына, Қазақ мемлекетіне қарсы жасалған қылмыс. Егер погондарыңыз, біз Тәуелсіздігі үшін күрескен Қазақ мемлекетіне қатысы бар деп есептесіңіздер, онда Қоғам күштерін қоса отырып, осы қылмысты ашып, Парыздарыңызды орындаңыздар!